Байқаудың негізгі мақсаты жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуі, салт-дәстүрлерді жалғастыру және үлкен үлес қосқан Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерліктері мен тарихын еске алу. Іс-шараға Макинка ауылдық округінің әкімі Жанат Сағындықұлы Кошкембаев, ауданымыздың "Ауған соғысы ардагерлері" ҚБ төрағасы Шаужанов Қази Пазылұлы, Бұланды аудандық қорғаныс істері бөлімінің өкілдері аға лейтенант Қайырбеков Серікжан Дауренұлы, әскерге шақыру бойынша инспекторы Байбулатова Салиха Темиртасовна қатысты. Алдымен іс шараға ортақтасып келген қонақтарымыз Жеңіс ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Байқау қатысушыларына құттықтау сөздерінде мектеп директоры Рахимжанов Т.С және мерекеміздің құрметті қонақтармыз сәттілік және жеңіс тілектерін білдірді. Қатысушылар жеребе арқылы бөлініп кезек бойынша саптық дайындық шеберлігін шындап көрсете білді. Байқаудың жеңімпаздары және жүлдегерлері мадақтамалармен және кубоктармен марапатталды. Барлық қатысушылар жарыс кезінде жоғары командалық рух және жеңіске жетудің жігерлігін көрсетіп бір біріне жақсы көніл күй сыйлады. Іс-шара өте жоғары деңгейді өтті.