Ағымдағы жылдың 6 маусымы күні «Парктер шеруі – 2019» Халықаралық табиғаатты қорғау акциясы және Жасыл технология мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығымен бірлескен көрмесі өтті. Парктер шеруінің мақсаты – жұртшылықтың, мемлекеттік билік қызметкерлерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің назарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мәселелеріне аудару.
Іс-шара бағдарламасында:
Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусының үрмелі оркестрінің еріп жүруімен қатысушылардың салтанатты маршы;
Іс-шараның салтанатты бөлімінен кейін «Ғаламшарды ретке келтір» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Мереке соңында барлық қатысушы мектептерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Өткен іс-шара оқушыларға қатты ұнады, әсіресе мұражайға саяхат және автокөліктердің көрмесі.