Барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күнінің тарихына келсек, бұл күнді атап өту 1948 жылдың 7 сәуірінен басталған. Осыған орай жоспар жасалынып, іс-шаралар өткізілді. Мектебімізде «Денсаулық-зор байлық» фестивалі өткізілді.
Негізгі мақсат -салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру мақсатында, және өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу. Фестивалдің ашылу салтанатында Макинка а. ЖОББМ-нің директоры Рахимжанов Т.С сөз сөйлеп құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі, әрі қарай іс-шара 8а сынып оқушысы Абжанова М. орындаунда «Чемпион» әнімен жалғастырды, оқушылар жаттығулар жасап, флешмоб ұйымдастырып, бірыңғай би биледі. Дене шынықтыру пән мұғалімдері 5-10 сыныптар арасында спорттық (волейбол, баскетбол, футбол т.б) ойындар өткізді. Сонымен қатар «Спорт –денсаулық кепілі» тақырыбында эстафеталық ойындар өтті. .Жарыс соңында жеңімпаз оқушылар мадақтамамен марапатталды. Іс-шара өз мақсатына жетті.