Бірлік бар жерде тірлік бар!
Мамырдың алғашқы күндерінде біздің еліміз жарқын мерекелерінің бірі – Қазақстан халқының Бірлік күнін тойлатады. Біздің мемлекетте 150-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Біз – Қазақстан халқы.Түрлі ұлт өкілдерін бірктірген достық – жеңісіміздің кепілі. Бірлік күні – бұл еліміздегі бірлік үшін қажетті достық, түсіністік және келісім мерекесі.
Біздің мектепте Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесіне орай 1-5-сыныптардың үздік оқушыларын «Жас Ұлан» БҰ қатарына қабылдаудың салтанатты жиыны өтті. Мұндай құрмет оқу үздіктері мен мектеп белсенділеріне түсті. Галстук байлау құрметі Макин орта мектебінің директоры Н.О.Еркибаева мен тарих пәнінің мұғалімі В.В.Гостикке берілді. Іс-шарамыздың құрметті қонақтарымена көптеген құттықтау сөздері айтылып, мерекеміз концертпен жалғасты. Түрлі тілдерде әндер айтылып, өлеңдер, мақал-мәтелдер оқылды, билер орындалды. Іс-шара сәтті өтті. Балалардың сахнадағы көңілді көңіл күйлерін көру – біз үшін қуанышты сәт болды.