XIX ғасырдың ІІ жартысында – XX ғасырдың бас кезінде Ақмола облысындағы білім жүйесі
Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы «Звездный» БСО-нда 24-26 сәуір күндері облыстық зерттеу жұмыстарының байқауы өтті. Бұл байқауға Макин орта мектебінің 8-сынып оқушысы Жасантегі Раббия қатысты.
Ғылыми жобаның тақырыбы: «XIX ғасырдың ІІ жартысында – XX ғасырдың бас кезінде Ақмола облысындағы білім жүйесі». Бұл жобаның мақсаты – ХІХ ғасырдың ІІ жартысында - ХХ ғасырдың бас кезінде Ақмола облысындағы білім жүйесі туралы деректер жинау, зерттеу, насихаттау арқылы, бүгінгі таңдағы оқушыға ғылыми мағлұмат беріп, оқушының танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру үшін әлеуметтік мәселелерді шешудегі бірден-бір тиімді жолы екендігін көрсету.
Оқушы зерттеу барысында қазақ тарихындағы ХІХ ғасырдың ІІ жартысында - ХХ ғасырдың бас кезінде Ақмола облысындағы білім жүйесі тарихи тұрғыдан зерттеп, тарихтағы орнын түсінді.
Елбасы Н. Назарбаев халқымыздың басынан өткен қиыншылықтарды сипаттай отырып, бүгінгі жетістіктеріміз білім мен ғылымның дамуына байланысты екеніне назар аудара келіп, алдағы уақытқа үлкен үміт артады: "Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Ең қиын жылдар артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін”.
Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты әжуа етіп, күлкіге айналдырған. Әрбір ата-ана баласына әдептілікті үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде қазақтар арасында «Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақал кеңінен тараған, осыған орай мектептер мен медреселер ашу орнын көрсеттік; Қазақстандағы білім беру жүйесінің өз орнын табуын және оның дамуын нақты деректермен дәлелдедік.
Ұлы даланың тарихта тануға лайық болатын ХІХ ғасырдың ІІ жартысында - ХХ ғасырдың бас кезінде Ақмола облысындағы білім жүйесі жайлы шағын кітапша шығарып және өзіндік жоба негізін танымдық- тәрбиелік шаралар арқылы оқушыларға насихаттадық.
«Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы. Егер де білім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де құр қалып, көрінгенге жем болып, шөліркеп, азып-тозып бітпекші» – дей келіп, қазақ жастарына дүние-байлыққа, жалған атақ пен аз күндік мансапқа қызықпай, жалқаулық пен тоғышарлыққа ұрынбай, елдің ертеңі мен ұлттың жарқын болашағы үшін адал қызмет етіп, ерінбей тер төгейік деген жалынды сөз, салмақты ой-пікірлермен аяқтағым келеді.