"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бір тал кессең, ол тал ек!»

23.04.2019

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. «Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама. Осындай іс-шараны тек қоғамдық орындарда, көшелерде, мектеп пен мекеме ауласында ғана емес, сонымен қатар, әр отбасы өз үйлерінің аула ішінде тал отырғыза білсе, нұр үстіне нұр болар еді. 
Сәуірдің 19-ы, 22-і күндері Макин орта мектебінің алдын көгалдандыру және көркейту мақсатында «Бір тал кессең, он тал ек!» ағаш отырғызу акциясы өтті. Акцияға мектеп мұғалімдері, қызметкерлері және оқушылары қатысып, 19 сәуір күні мектеп алдына 6 шырша ағашының көшетін, 22-сі күні 2 шаған ағашының көшетін және 20 басқа көшет түрлерін отырғызды.
Егер де әрбір ауыл тұрғыны өз ауласын таза ұстаса, егілген ағаш көшеттерінің өсуіне жағдай жасаса, ауылымыз бұдан да ажарлана түсетіні сөзсіз. 20 сәуір күні аталған шара ауданның барлық ауылдық округтерінде өтті. Егілген ағаштың, өскен өсімдіктің әуе алабына тигізер пайдасы зор. Жасыл ағаштың әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады және шу деңгейі төмендейді. «Мың шыбық шаншып өсірсең,
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның,
Өзіңе қорған салғаның» дегендей, осы игі шараларға ұжым болып көтеріңкі көңіл күймен атсалысқан қандай керемет!

Просмотров: 937


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст