01.04.2022
Биыл бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау 1 сәуірде басталады.
Бірінші сыныпқа қабылдау үшін, құжаттар 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында қабылданады.
Сіз egov.kz порталы арқылы келесі құжаттарды ұсына отырып, өтініш бере аласыз:
- Ата –аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың) өтініші;
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (денсаулық паспорты)
- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (егу картасы);
- 3х4 көлеміндегі фотосурет (екі дана)
- Өтініш бір жұмыс күні болып қарастырылады.
Ол үшін egov.kz порталына жеке тұлғаның ЭЦҚ-на кіріп, онлайн қызметті ола аласыз
- Мектеп egov.kz онлайн қызметін тіркеуге көмектеседі.