2019 жылдың 4-17 сәуірі Макин орта мектебінде
«Қауіпсіз ғаламтор»
республикалық ақпараттық компания концепциясы өтті
Ақпараттық кампанияның негізгі мақсаты – кәмелеттік жасқа толмағандарға, педагогтар мен ата-аналарға агрессивті Ғаламтор-контентінің проблемасын түсінуді арттыруға бағытталған, Ғаламтор ресурстарын қолдану мәдениетін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізумен, кәмелет жасына толмағандардың Ғаламтор белсенділігін бақылауға қатысты Ғаламтор қызметтерінің ересек қолданушыларын жауапкершілігі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
4 сәуір күні жалпымектептік сап түзеу өткізілді, мұнда аталмыш бағыт
бойынша жұмыс жоспарының мазмұны жарияланды: «Қауіпсіз ғаламтор» тақырыбында 7-11-сыныптар арасында сынып сағаттары, суреттер байқауы, т.б.
«Қауіпсіз ғаламтор» республикалық ақпараттық кампания аясында мектепте 10 сынып сағаты, дөңгелек үстелдер, дебаттар, суреттер байқауы өткізілді. 8-сынып оқушылары «Қауіпсіз ғаламтор» интернет олимпиадаларына қатысты. Сонымен қатар мектепте жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді, жиналыс барысында ата-аналарға «Қауіпсіз ғаламтор» тақырыбындағы брошюралар таратылды.