28.03.2022
Турнирдің басты мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық салт-дәстүрлердің, ұлттық ойындардың мән-мағынасын, дәрежесін көтеру; салауатты өмір салтын қалыптастыру, қазақ күресін кеңінен насихаттау; балуандардың спорттық шеберліктерін арттыру және жаттықтырушының шеберлігін шыңдау.
Турнирге ауданнан 8 мектеп қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша «Қазақ күресі» турнирі жалпы есеп бойынша жүлделі 1-орынды Макинка ауылының ЖОББ мектебінің командасы иеленді, 2 -орынды Степняк каласының 1 ЖОББ мектебінің командасы иеленді, 3-орынды Тасшалқар ауылының ЖОББ мектебінің командасы иеленді.
Жарысқа қатысып, қолдау көрсеткен ауылымыздың ел азаматтарына, жергілікті әкімшілікке, аудан мектептерінен келген жаттықтырушыларға, ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Турнир өткізуде қолдау көрсеткен азаматтар аудандық білім бөлімінің басшысы А.Ақшалованың атынан дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарды жеңістермен құттықтаймыз!