Бұл сайысқа мектеп директоры Т.С.Рахимжанов сөз сөйлеп оқушыларды мерекесімен құттықтаса, ата -аналар атынан А.М.Абжанова ән шырқады.Бастауыш сыныптар және мектеп алды даярлық сыныбы екі топқа бөлініп Макинка және Жайдарман ауылдары болып сыңға түсті.Күмбірлеген күй де,әуезді ән де шырқалды.Әр ауыл өз топтарын таныстырып,қазақтың салт - дәстүрлерін насихаттап, өз өнерлерін көрсетіп, дастархан жайды.Макинка ауылының ата-аналары "Сырға салу" дәстүрін көрсетсе, жайдарман ауылының бүлдіршіндері кішкентай қонақтың тұсауын кесті.Сондай - ақ ауылдың мықты жігіттері мен қыздары арасында " Арқан тарту" , " Қыз қуу" ойындары ойналды.Ұлттық құндылықты ұлықтаған сайыстың жеңімпаздары "Өнерлі ауыл" және "Өнегелі ауыл" атақтарына ие болды.Ізгілікті мерекеге үлкендер бата беріп көңілді тарқасты.