Текст
9-12 наурыз аралығында Щучинск қаласында Жастар 2022 спартакиадасы аясында Қысқы Президенттік көпсайыс бойынша облыстық жарыстар өтті . Біріншілікке 9 аудан мен қала қатысты. Біржан сал ауданының құрамасын "Макинка ауылының ЖОББМ" КММ оқушылары ұсынды. Жарыс екі жас санаты бойынша өткізілді . Жарыс қорытындысы бойынша біздің құрама жоғары жас санатында 3 орын алды және барлық жас топтарының балдары бойынша жалпы есепте жарыстың қола жүлдегерлері атанды. Жеке біріншілікте Карцев Илья жоғары жас тобында күміс жүлдегер атанды. Балаларымызды жақсы нәтижемен құттықтаймыз.