1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
Патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті, басқа халықтарға деген туыстық қатынасты қалыптастыру мақсатында 22.02.19 ж. күні Макин ОМ-нде Кеңес әсерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай іс-шаралар ұйымдастырылып өтті. Интернационалист-жауынгерлердің фотосуреттерімен стендтер жасалды.
Іс-шара бағдарламасына мыналар енді: ауылдық округтердің жастары арасында волейбол бойынша жарыс, мектеп оқушылары арасында шахмат пен тоғызқұмалақ бойынша жарыстыр, концерттік бағдарлама, мұражайға экскурсия, соғыс ардагерлеріне арналған бұрыштың ашылуы, интернационалист-жауынгерлермен кездесу және олармен сұхбаттасу.
Волейбол бойынша спартакиадаға 12 команда қатысты. Ойын нәтижесі бойынша 1-орынды Баймырза ауылы (25 мың теңге), 2-орынды Заураловка ауылы (15 мың теңге), 3-орынды Макинка ауылы (10 мың теңге) алды. Шахмат бойынша 1, 2-орындарды Қоғам ауылының оқушылары, 3-орынды Макинка ауылының оқушысы алды.
Жарыстың ашылуы өткен соң интернационалист-жауынгерлер мен іс-шара қонақтары Еңбек және жауынгерлік даңқы мұражайына өтіп, Ауған соғысының ардагерлеріне арналған бұрышты ашты. Содан соң мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, оқушылар ән айтып, би биледі, таныстырылымдар мен бейнебаян көрсетілді. Қайтыс болған интернационалист-жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Сұхбат алаңында оқушылар ардагерлерге дайындап келген сұрақтарын қойып, жауап алды.