Текст
Тұрғын үй секторының өрт қауіпсіздігі күні
Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында 2019 жылдың 16 ақпаны күні Макинка ауылында Макин ОМ-нде «Тұрғын үй секторының қауіпсіздігі күні» акциясы өтті. Акцияға ауыл тұрғындары шақырылды. Аталмыш іс-шараға халықта пайда болған сұрақтарға жауап берген Біржан сал ауданының ТЖ бойынша бөлімі, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары, аудан ауруханасы салалары органдарының, ауданды әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жетекшілері, бөлімшелік полиция инспекторы қатысты.