Текст
Ақмола облысының білім басқармасы балалардың құқықтарын бұзу, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық немесе қатыгез қарым-қатынас жағдайларына жедел ден қою мақсатында Telegram мессенджерінде «BALA QORGAU» чаты (бұдан әрі – Чат) жұмыс істейтінін хабарлайды (https://t.me/bala_qorgau).
Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 қарашадан бастап Чатта «BalaQorgauBot2.0» Телеграмм-боты (бұдан әрі – Бот) іске қосылды. Мектепте, үйде және көшеде қиындықтарға тап болған оқушыларға, олардың ата-аналарына Чат-ботты пайдалану тәулік бойы тегін құқықтық көмек көрсету нысандарын кеңейтуге мүмкіндік береді.