Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Зияткерлік викторина өткізілді.
Оның мақсаттары мен міндеттері:
- Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу;
- Қазақстандықтардың тарихы мен жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру
- Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен заңдарын құрметтеуге баулу;
- өз отанының, өз халқының тарихына, оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне, мәдениетіне танымдық қызығушылықты дамыту;
- көшбасшылық қасиеттер мен қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
Зияткерлік викторинаның ұйымдастырушысы мектеп кітапханашысы Амангелді Айнұр Дулатовна, қатысушылары 7" Б " сынып оқушылары және қазылар алқасы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Скачек С.С.
Викторина екі кезеңде өтті, әрбір дұрыс жауап 10 баллмен есептелді. Оқушылар викторинаның барлық сұрақтарына сәтті жауап беріп, 1-ші, 2-ші, 3-ші орын және белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.