"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылы 19 қаңтарда мектебімізде пікірсайыс турнирі болып өтті.

20.01.2022

Турнирдің мақсаты: Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру; өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтығын қалыптастыру; мектеп оқушыларының бойында жауапкершілік сезімін ояту, туған жері мен елінің мәселелерін талқылауға және шешуге тарту; республикада мектептегі пікірсайыс қозғалысын дамыту, танымал ету және қолдау.
Турнирде 4 команда қатысты. Жеребе тарту арқылы қатысушылар “Үкіметтің” немесе “Оппозицияның” жағына шығып, өз шешімдерінің әділдігін қорғауға тырысты. Барлық ұсынылған сұрақтарды талқылау өткір және қызықты болды.
Турнирдегі қазылар алқасын география пәнінің мұғалімі Абдрахманова Б.К. басшылық етті
Турнирдің қарастырылған қарарлары:
1. БП. «Тілді дамытудың тиімді механизмін ұсынады»
2. ЭП. «Предложит эффективный механизм по развитию языка» Нәтижесінде қазақ лигасындағы орындар келесідей бөлінді:  
I орын - Абжанова Меруерт, Макенова Асылжан
II орын - Маратұлы Саян, Жұмақан Аяулым
Орыс лигасында:
I орын - Мельникова Оля, Куликова Виктория
II орын - Мұратбек Тамирис, Самошкина Карина
Қатысушылар өз көзқарастарын белсенді түрде талқылап, дәлелдер келтірді, сұрақтар қойды және мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.
Турнирдің барлық қатысушылары практикалық тәжірибе мен көптеген жағымды әсер алды.
Пікірсайыс турнирінің жетекшісі Жасан Г.Е-ның айқын еңбегін атап өткен жөн
Дәстүр бойынша барлық оқушылар “Жалын” пікірсайыс клубының турниріне қатысушылардың сертификаттарын алды.

Просмотров: 388


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст