Салтанатты іс-шара балаларды қарсы алудан басталды, кейін жаңа жылдық шыршаның таңғажайып, жарқын театрландырылған көрінісі басталды. Тағы бір жағымды сәт балаларды жылы қабылдауды ұйымдастыру болды. Зал жылы және жайлы болды, дастархан жайылды. Жаңа жылдық қойылымнан кейін Біржан сал аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Ақшалова Ақкенже Төлеубайқызы құттықтау сөз сөйлеп, балаларға денсаулық, жақсы оқу, спорттық жарыстарда табыс, шығармашылық конкурстарда жеңістер, толағай табыс, одан да жоғары биіктерге ұмтылу тіледі. ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың атынан балаларға тәтті сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді. Мереке дастархан басында жалғасты, балалар өз өнерлерін көрсетті.Осы іс-шараны ұйымдастырушыларға қамқоршылар Л.М.Ачилова және И.В.Горн зор ризашылықтарын білдірді. Барлық балалар үшін бұл мереке өткен жылдың ең қуанышты және ұмытылмас сәттері болды.