2021 жылдың 22-26 қараша аралығында 8,9,11 сыныптарда мектепішілік олимпиада өткіздім. 8 А сыныбынан 4 оқушы, 8 В сыныбынан 4 оқушы, 9 сыныптан 1 оқушы, 11 сыныптан 2 оқушы, барлығы 11 оқушы қатысты. Әр сыныпта оқу бағдарламасына сай тапсырмалар берілді. Қазақ сыныптарында 1 кезеңде эссе жазу, 2 кезеңде пән бойынша тапсырмалар болса, орыс сыныбында мазмұндама жазу болды. Берілген тапсырмаларды толық орындаған 8 А сынып оқушысы Абжанова Меруерт әдебиет пәнінен 1 орын, тапсырмалары шашыраңқы болған Омар Жанасыл 3 орын алды, Таспай Әрсен мен Сморгун Анна тапсырмаларды толық орындамағандықтан жүлделі орындар алмады. 8 В сыныбында 4 оқушының жауаптары толық емес, әрі шашыраңқы болған соң, орындар берілмеді. 9 А сынып оқушысы Мұғалім Нұрсұлтан небәрі 1 тапсырманы орындады. 11 А-сыныбында Жасан Раббия 1 орын, Балтинова Жанель 2 орынға ие болды. Аудандық кезеңге жіберетін оқушы жоқ, өйткені Раббия басқа пәнді таңдады.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Абжанова М.С.