Текст
«Макинка а. ЖОББМ» КММ-де Бастауыш сынып онкүндігінің аясында бекітілген жоспар бойынша мектепалды даярлық сыныпта ашық сабақ өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру», тақырыбы: «Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш». Жаңа сабақтың мақсаты: геометриялық пішіндер туралы түсінік беру, математикаға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу, заттарды санына қарай салыстыру.
Ашық сабақта оқушылар келесі тапсырмаларды орындады: «Жұмбақ шешу», «Салыстыру», «1-10дейін тура және кері сана», «Көленкесін тап». Жаңа тақырыпқа қатысты оқушылар сұрақтарға жауап берді, пішіндердің қандай заттарға ұқсайтынын айтып сабақта алған білімдерін бекітті.