Клубтың негізгі мақсаты: мектептегі әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, эстетикалық бағыттарына тәрбие беру. Клубтың негізгі мүшелері 5-11 сыныптар аралығындағы қыздар. Барлығы: 20. Айына 1 рет кездесу өткізіледі жоспарға сай әртүрлі тақырыптарда пікір алмасу, әңгіме, диалог, дөңгелек үстел, тренингтер өткізілетін болады. Алғашқы қыздар клубының отырысы 06.10.2021 жылы өтті. Тақырыбы: "Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі ". 11- сынып оқушысы Жасанова Раббия дайындап келген баяндамасын оқып берді. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз- ертеңгі ана. Ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, қолдап, қорғап демеуші- ата-ана және қоғам.
Клуб жетекшісі: Толеухан Жарсгуль.