Алдағы оқу жылында оқытуды дамыту мәселелері қаралды. Педагогтардың алдына білім беру сапасын жақсарту бойынша маңызды міндет қойылды. Сессия жұмысына облыстық білім басқармасының басшылары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің педагогтері қатысты. Сессия барысында оқу - тәрбие процесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сессияның негізгі бөлігі Ақкөл, Бурабай, Сандықтау, Атбасар аудандары мен Көкшетау қаласы мектептерінің педагогтарының баяндамалары болды, онда баяндамашылар Ақмола облысындағы әріптестерімен педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, оқушылардың медиақұзыреттілігі, оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру факторларының бірі ретінде жазбаша тілді дамыту бойынша өзекті мәселелер талқылауға ұсынылды. Білім беру сапасын арттырудың маңызды шарттарының бірі ретінде мұғалімнің оқу - тәрбие процесіндегі кәсіби белсенділігіне баса назар аударылды. Сессия жұмысы аяқталғаннан кейін Педагогикалық қызметті жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.