Текст
2021-2022 оқу жылының басталуына орай, аудандық тамыз конференциясына мектепалды даярлық сынып мұғалімі ретінде қатысып, «Мектепалды даярлық сыныбымен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық» тақырыбына баяндамамен қатысушыларды таныстырдым. Аталған конференцияда балабақша тәрбиешілер қауымы және мектепалды даярлық сынып мұғалімдері өз тәжіриебелерімен бөлісті. Әріптестердің баяндамаларында өте маңызды тақырыптар қозғалып, көп пайдалы кеңестер, сонымен қатар жұмыста қолданатын әдіс-тәсілдер туралы көптеген ақпарат берілді. Онлайн түрде ұйымдастырылған аудандық тамыз конференциясы өз деңгейінде өткізілді.
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі: Г.Ж. Даулетбаева