"2021 жылдың 5 тамызында білім беру нысандарына қолданылатын жаңа санитарлық ережелер бекітілді. Бұл ережелер: оқыту форматтарына, тамақтандыруды ұйымдастыруға, корпустардағы, аудиториялардағы, Спорт және акт залдарындағы үй - жайлардың толтырылуына (жобалық қуаттың 40-50 пайызынан аспайтын), зертханалық, практикалық және студиялық сабақтарға, сондай-ақ жатақханалардағы бөлмелердің толтырылуына қойылатын талаптарды қамтиды", - деді Цой Үкімет отырысында.
"Қолданыстағы заңнама мен эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мектептерде дәстүрлі оқыту форматына көшу, қалпына келтірілгеннен кейін үш ай ішінде ауырып жазылған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, мұғалімдер мен қызметкерлерді 100 пайыз вакцинациялау кезінде мүмкін болады. Оң тәжірибені ескере отырып, мектеп кіреберісінде Ashyq қосымшасын педагогтар, қызметкерлер және ата - аналар қатарынан жұқтырған, вакцинацияланбаған және байланыста болған адамдарды бақылау мақсатында пайдалануды ұсынамыз", - деп толықтырды Алексей Цой.