"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты соңғы қоңырау

25.05.2021

25 мамыр күні сағат 10.00-де 9 және 11-сынып оқушыларының соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиыны, ал қалған сыныптарда сынып сағаттары өтті. 2020-2021 оқу жылында 11 «А», 11 «Б» сыныбынан 14 оқушы мектеп түлектері атанды. Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиынға қамқоршылар кеңесінің төрағасы Абдрахманова Т.В. қатысып, түлектерге ақ тілегін жолдады. Салтанатты жиында мектеп директоры Рахимжанов Т.С. түлектерге арналған ақ тілегін айтып, дәстүр бойынша «үздік» оқитын оқушыларды, мектеп өміріне белсене қатысқан түлектерді мақтау қағаздарымен марапаттады, ата-аналарына, оқытушы ұстаздарға алғысын айтты. Марапаттауды дене шынықтыру мұғалімдері мен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы жалғастырды. Салтанатты жиында 9, 11-сынып түлектері ұстаздарына арналған ақ тілектерін жеткізді. Жиынның көркі – түлектердің орындауындағы мектеп, ұстаз туралы шырқалған әсем әндері мен оқыған өлеңдері көпшіліктің көңілінен шығып, барша жанның көңілін тербетті. Бүгінгі күні азамат атанып, түлектердің балалық шағының нағыз куәсі, айнымас досы, қимас серігі бола білген сынып жетекшілері мен ата-аналарына құттықтау сөз берілді. Мектеп түлектерінің оқушылық өміріндегі соғылған соңғы қоңырау мәртебесіне аудандық, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы 11-сынып түлегі Усанин Сергей Игоревич пен 1-сынып үздігі Нұрлыбай Еркежан ие болды.
 

Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары                 А.У.Жамалиева

Просмотров: 309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст