Текст
Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту және кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 1-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы өткізіледі.
30 сәуірде біздің мектепте «Менің ашқан дүнием» атты зерттеу жұмыстарын қорғау өтті.
9 оқушы қатысты (3,4,5,7 сынып оқушылары).
Мектеп директоры Т. С. Рахимжанов қорытынды сөз сөйледі. Барлық балалар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.