"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің жоспары бойынша мәтін есебі. «Макинка а. ЖОББМ» КММ

16.02.2021

       Мектепте өзін –өзі тану онкүндігі  жоспар бойынша жалғасуда...

9.02.21ж  «Махаббатқа толы жүрек» тақырыбына эссе байқауы ұйымдастырылды, бұл іс-шара 8-11 сыныптарда оқитын оқушыларына жүктелді. Эссені оқушылар  екі тілде жазып тапсырды. /қазақ сыныптары-қазақ тілінде, орыс сыныптары-орыс тілінде /. Аталған эссе тақырыбында оқушылар адамдардың жақсы қасиеттерін ашып жазды ол: мейірімділік, сүйіспеншілік, адамгершілік туралы.

      Келесі күні, мектеп оқушыларына  әр сыныпта өзін-өзі тану пәнін оқытатын мұғалімдер «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А. Назарбаева туралы фильмдерді көрсетіп, оқушыларды автордың өмір- баянымен, атқарылған жұмыстарының  бағыт-бағдарымен таныстырды.  

     11.02.21ж  Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері Ботаева А.Н және Даулетбаева Г.Ж «Бақыт ұясы-Дом счастья» тақырыбына ашық шығармашылық тәрбие сағатын өткізді. Бұл іс-шара екі тілде ұйымдастырылды, іс-шараға 6-7 «А-Б» сыныптардың оқушылары қатысты. Ашық тәрбие сағатында, қатысушыларға  келесі тапсырмалар берілді:  «Мейірімді сөздер» және-«Құрмет-ізет» ойыны,бұл ойында оқушылар жапырақсыз ағашқа  құрметті-ізетті сөздерді жазып, жапырақ пішінді стикерлерін ағашқа жапсырып, жазғандарын оқып берді. Келесі тапсырма:  суреттер арқылы коллаж жасау және достық туралы ережелер құрастыру болды.  Мейірімділік  туралы ән айту тапсырмасында оқушылар бәрі бірігіп ән орындады. «Мақалдардың жалғасын тап» ойынында қатысушыларға дайын аяқталмаған мақалдар берілді, сол мақалдардың жалғасын тауып, мақалдарды мағынасы арқылы біріктірді. Сонымен қатар, «Өнерлі  ел» -сурет салу шығармашылық конкурсы ұйымдастырылды, яғни бұл конкурста бір оқушы кез келген  суреттің пішінін салуды бастап келесі оқушыға берді , қалған оқушылар сол суреттің жалғасын салды. Аталған тапсырмаларды оқушылар белсенділік танытып орындауға тырысты.

 

     12.02.21ж «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  онкүндігінің қорытындылау жұмыстары жүргізіліп, өзін-өзі тану мұғалімдер бірлестігінің қорытынды есебі тыңдалды.

Просмотров: 361


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст