Макин орта мектебінде «Өзін-өзі тану махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне арналған жоспар бекітілді. Жоспарға сай мектеп қабырғасында бірнеше іс-шаралар ұйымдастырыла отырып келесі іс-шаралар іске асырылды:
1.02.21ж ,яғни дүйсенбі күні онкүндіктің ашылуына қатысты және жоспармен танысу үшін өзін-өзі тану мұғалімдер бірлестігінің отырысы өткізілді.
2.02.21ж аптаның келесі күні «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторының «Рухани-адамгершілік тұрғыда өсудің 12 кезеңі» дәйексөздерінің стенді жасалды. Бұл іс-шараға барлық өзін-өзі тану мұғалімдерінің ұжымы қатысып өз үлестерін қосты.
Апта бойы мектептің кітапханасында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы авторының С.А. Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітаптар, журналдар көрмесі ұйымдастырылды. Бұл жұмысты мектеп кітапханашысы Г.К. Казыбаева атқарды.
3.02.21ж-4.02.21ж екі күн бойы «Алтын жүрек» тақырыбына оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Аталған іс-шараға мектепалды даярлық сыныптардың, бастауыш сыныптардың оқушылары және 5-ші сынып оқушылары белсене қатысты. Балалар сурет салып, фотоколлаждар жасады.
5.02.21ж «Махаббат жолындағы өмір» республикалық бірыңғай өзін-өзі тану сабақтары өтті. Сабақты өзін-өзі тану пән мұғалімдері өткізді. Сабақтың мақсаты: Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиет екенін түсіндіру. Жас ұрпақтың бойына жастайынан ізгілік, мейрімділік, қайрымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде ананың атқарар рөлі өте зор екенін жеткізуі болды .
Сабақтарда ана туралы әңгімелер оқылып және сүйіспеншілік, сұлулық, мейірімділік, жомарттық сияқты рухани қасиеттерді баланың бойына дамытатын ана екеніне түсінік берілді.
8.02.21ж Мектеп бойынша бірыңғай тәрбие сағаты «Мейірімділік-жан айнасы» тақырыбына арналды. Өткізілген ашық сабақтарда оқушыларға Сара Алпысқызының еңбек жолы мен қызметі туралы слайдтар көрсетілді, және оқушылар «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы туралы өте көп мәлімет ала отырып, сонымен қатар, әр сыныпта шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, ана туралы әндер орындалды. Оқушылар «Мейірімді адам» туралы түсінік алып, және осы тақырыпқа қатысты тапсырмаларды орындады.