"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нәтиже сабақ рефлективті есеп.

04.05.2017

                                    Нәтиже сабақ рефлективті есеп.

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең

басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан

ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.                                                                    

6 –сыныпта 26- сәуір күні «Нәтиже сабақ» тақырыбына Lesson Study сабағын  өткіздім. Сабағымның мақсаты: Өткен тақырыптарды қорытындылайды, модуль бойынша алынған ақпараттарды түрлі тапсырмаларды орындау барысында еске түсіреді, жалаң және жайылма сөйлемдер құрайды,  сөйлеу қабілеттерін дамытады. Шығармашылық

қабілеттерін жетілдіреді, өз беттерімен жұмыс істейді.
Сабақтың міндеттері:
- Ынтымақтастық атмосферасын құра отырып өз ойларын еркін айтады, басқалардың

ойымен, пікірімен санаса білу дағдыларын қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін

дамытады.
- Практикалық іс-әрекеттер арқылы оқушылар қазақ тілінде сауатты сөйлейді және

жазу дағдыларын дамытады.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар топта белсенді жұмыс істеуге, өз ойларын толық

жеткізе білуге үйренеді, меңгерген сөздерді, алынған ақпараттарды қолдануға, сұрақтарға

нақты жауап беруге дағдыланады, бір-бірімен диалогтік қатынас құруға үйренеді,

сауатты жазу, сөйлеу дағдылары дамытады.
Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал туғыздым. Оқушыларды екі топқа отырғыздым. Оқушылармен

амандасып, шаттық шеңберіне шақырдым. Оқушылар бір- біріне тамаша тілектер

айтты. Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту мақсатында үйге берілген

тапсырманы «Ыстық орындық» әдісі бойынша тексердім. Үйге берілген тапсырма «Кішкентай тігінші» мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру болатын. Сұрақ қойып, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын  ашып алдым. Бірінші тапсырма модуль бойынша өтілген сөздерді еске түсіру үшін, сөздік диктант өткізсем, екінші тапсырма топта бірлесе отырып қима қағаздардан постер құрастыру және  қорғау болды. Келесі кезекте берілген суреттерден қалағанын таңдап, сурет бойынша төрт сөйлем  құрастырды. Сөйлемдері жалаң сөйлем, жайылма сөйлем болды. Жеке жұмыс та қалыс қалған жоқ. Оқушылар жеке тест тапсырмаларын орындады. Сабақты қорыту үшін «Топтастыру» стратегиясы бойынша оқушылар «Менің сүйікті заттарым» модулі бойынша кластер құрастыру арқылы кері байланысқа түсті. «Бағдаршам» суреті арқылы рефлексия жасадым. Оқушылар сабақ барысында өзін-өзі бағалап, жалпы ұпай санын санап критерий бойынша бағасын шығарады. Қорытынды бағаны өзім қойдым. Үйге «Менің ермек ісім» тақырыбына эссе жазуға тапсырма берілді.

Просмотров: 507


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст