Макин ОМ-нің «Радуга» лагерінің 2-маусымы маусым айының 12-сінен
басталды.
Лагерь – тек қана оқушылардың демалатын уақыты емес, сонымен қатар олардың рухани баю, өз күштерін тексеру және байқап көру, қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты. Сондықтан мектеп лагерінде үш тілділік бойынша
ойын сабақтары жүргізіліп, түрлі жарыстар ұйымдастарылды. Орманға, өрт сөндіру бөліміне экскурсияға барып, баларлар алаңында көңіл көтерді.
Балалар 10 күн ішінде жақсы көңіл-күймен, зор қызығушылықпен, ұйымдасқан түрде ауысымды аяқтауда. Ауысымның
жабылу салтанатында балалар 10 күн ішіндегі өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісіп, ән айтып, би билеп, белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталады деп жоспарланып отыр.
«Радуга» жазғы лагері әрқашан балалардың жазғы демалысын ұмытылмастай етіп іске асыруға бар күш-жігерін
салуда. Жаздағы жақсы демалыс - жыл бойына қажетті күш –қуат.