"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Макин орта мектебі» ММ сінде атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

02.02.2021

     Гуманитарлық бағыттың онкүндік аясында, «Абай» клубының жоспарына сай өткізілген «Абай қарасөздері және менің ойларым» атты шығарма жазу байқауына қатысып, жүлделі 1,2,3 орындарға ие болған және белсенді қатысқан оқушылар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.

     Шығарма сайысының жүлдегерлері:
1-орын иегерлері:Қасымова Аяжан 10 «а», Макенова Асылжан 6 «а», Абжанова Меруерт 7 «а» сынып оқушылары;
2-орын иегерлері: Жасанова Раббия10 «а», Балтинова Жәнел  10 «а»,  Езова София 6 «а»,  Жиембай Іңкәр 5 «а» сынып оқушылары;
3-орын иегерлері:Жұмақан Аяулым 6 «а»,   Маратұлы Саян 6 «а» сынып оқушылары;
       
   29 қаңтар күні «Абай» клубының жоспарына сай «Үздік Абайтанушы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс шараның мақсаты:  ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтер беру, оқыған шығармаларын еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету, өлеңнің мағынасын жан-жақты түсіндіру. Дөңгелек үстел оқушылардың білім-біліктерін  қорытындылау мақсатында екі айналыммен өтті. 1-айналым «Суреттер сөйлейді»  берілген суреттер бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салды. 2-айналым «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» әр оқушы қойылған сұраққа тез жауап берді.
   Іс шара барысында мектеп кітапханашысы Казыбаева Гүлжан Куанышевна өзінің дайындаған көрмесімен оқушыларды таныстырып, «Абай жолы» романын оқуға  ұсыныс жасады, Абай атамыздың қара сөздері әр адамның санасына терең сіңіп, оқырманына терең ой береді және де қара сөздер қойын дәптеріне айналу керек.
     
Оқушылар барлық тапсырмаларды орындауда жауапкершілік танытты.

Просмотров: 406


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст