Мемлекеттік емес тілде білім алатын 5-сынып оқушылары үшін «Мен мемлекеттік тілде сөйлеймін» сыныптан тыс іс-шарасы өтті. Мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, мемлекеттік тілді оқыту жұмысын жақсарту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. 2 бөлімнен (байқау және «Қызықты қазақ тілі») тұратын іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Байқау 3 кезеңнен тұрды: «Өзім туралы» – әр қатысушы өзін қазақ тілінде таныстырды; «Менің Отаным» - отан, туған жер туралы өлеңдерді мәнерлеп, жатқа оқыды; «Мәтін аудару» - ұсынылған мәтіндерді қазақ тіліне аударды. Байқау нәтижесі: Андреев М. – 1-орын, Зиннер М. – 2-орын, Омигов Н. – 3-орын. Жеңімпаздар мадақтамалармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
2-бөлім «Қызықты қазақ тілі» деп аталды. Мұнда «Жайылған сұрақтар» әдісі тиімді қолданылды, интербелсенді панель ұтымды пайдаланылды. Оқушылар тақтаның алдында лентада ілініп тұрған сұрақтарды алып, ондағы тапсырмаларды тез әрі үлкен қызығушылықпен орындады.
Іс-шара «Тәуелсіз ел ұраны» әнін орындаумен аяқталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жамалиева А.У.