2017-жылдың 29-31
қазан аралығында «Рухани
жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық
мамандандырылған №3 мектеп-интернатында «Тіл Дарын» өзге ұлт өкілдері 2-11
сынып оқушылары арасында қазақ тілінен өткізілетін облыстық шығармашылық
жобалар байқауы болып өтті. Бұл жобаға 17 ауданнан және Степногорск, Көкшетау
қалаларынан 136 оқушы қатысты. Біздің мектептің
8-сынып оқушысы Стаматова Виктория
«Менің ауылымның тарихы» тақырыбындағы жобаны қорғап, облыстық сайыста
1-орынды иемденді. Викторияға 1-дәрежедегі дипломмен бірге 110 мың теңге
ақшалай сыйлықтың сертификаты ұсынылды. Шығармашылық жобаның жетекшісі қазақ
тілінің мұғалімі Абжанова Мансия Сабикеновна мен оқушысы Викторияны
жеңістерімен құттықтап, тек қана биіктерден көрініп, табыстарға жете берулеріне
тілектеспіз.