Текст
Біз Викторияны мақтан тұтамыз. Біздің
оқушымыз Стаматова Виктория Ақмола облысының атынан «Мың бала» Республикалық
мәдени-ағартушылық жобасына қатысты. Сайыс 2017-жылдың 16-қарашасында ҚР
Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыратын Skype-онлайн
бағдарламасы арқылы өтті. Ережеге сәйкес қазақ тілінде сәлемдесу айтып,
әділ-қазылар қойған әртүрлі сұрақтарға жауап берді, берілген тақырыпта эссе
жазды, мемлекеттік тілді насихаттау бойынша видео түсіріліп, инстаграмм,
фейсбук желілерінде лүпілдер жинадық. Осы еңбектің нәтижесінде Виктория
Республикалық жобада 1-орын иемденіп,
Еңбекшілдер ауданы мен Ақмола облысының
атағын жоғары деңгейде қорғап шықты.
Біз Викторияны жеңісімен құттықтаймыз.Тек қана Алға!!!