Әдебиеттік оқу. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр
Сабақ мақсаты:
-Қобыланды батыр жырының мазмұнына түсініп оқуға төселеді.
-Жырға талдау жасай алады.
-Кейіпкерлер іс-әрекетіне баға береді.
Бірлесе жұмыс істеуге дағдыланады.
Сабақ түрі: Аралас сабақ,
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жеке,талдау ,жинақтау, автор орындығы.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, деректер видеоролик
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Тақтаға ай,күнді, тақырыпты жазып қою. Тақырыптық суреттер ілу.
ІІ.Психологиялық дайындық. 2 минут «Бәрі өз қолыңда» видоролик көрсету.
Топқа бөлу: Жіпте жайылған фотосуеттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.Топ басшысына бағалау парағын беру.
ІІІ. Өткен материалды қайталау
ІV. Үй тапсырмасын сұрау. 6 мин
Үйге қандай тапсырма берілді?
«Алты қалпақ » әдісі арқылы сұрау.
«Туған жер» шығарма. Автор орындығы арқылы оқиды.
V. Жаңа сабақ. деректер видеоролик көрсету.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз.
«Батыр» деп қандай адамдарды айтамыз?
Батыр сөзіне түсініктеме жазу. Қағазды баян тәрізді бүктей,отырып оқушылар жеке-жеке өз ойларын шеңбер бойымен жазып, соңғы оқушы әр оқушының жазған түсініктемесін оқып шығады.
VІ. Кітаппен жұмыс.
1. Мәтінді мұғалім оқиды. Мәтінде не туралы?
2. Мәтінді жеке оқу, тізбектеп оқу.
«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісімен топта талқылап, ой бөліседі мұғалім сырттай бақылайды.
1«Қобыланды батыр» жырынан үзіндімен таныстыру. Талдау
VІІ. Сұрақтар.
Шайқаста кім жеңеді деп ойлайсыңдар?
Қобыландының тұлпары қалай аталған?
Қобыланды кіммен шайқасты?
Қобыланды не мақсатпен жорыққа аттанды?
VІІІ. Сергіту сәті: «Батырлар ұраны» әні.
ІX. Топтық жұмыс.
1 топ.Қобыланды батырға мінездеме және қару-жарақтарының атын жазады.
Нар түйедей, ержүрек, өжет, қайратты.
2-топ. Бес жолды өлең
X. Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс. «Ер –қанаты ат» тақырыбында эссе жазу.
«Ыстықорындық» орындық әдісі арқылы сұрау.
XІ. Ой толғаныс. «Білгенге маржан» ойыны. Екі топтан екі оқушы шығады.
1 минутта қанша сұраққа жауап береді.
1.Батырдың кеудеге киетін киімі /сауыт/
2.Батырдың бас киімі /дулыға/
3.Алыстан түйрейтін қару /найза/
4.Өткір ,үлкен, пышақ /қанжар/
5.Қобыландының руы /қыпшақ/
6.Қаһарман- өжет адам /батыр/
7. Белі бүкір, Алысқа түкір. /Мылтық/
8.Қобыландының жары/Құртқа/
9. Қобыланды кімге қарсы жорыққа шығады?
10. Қобылданығың нағашысының аты қалай? /Сүйінбай/
11. Белі қайқы, Жоны тайқы. /қылыш/
12. Қобыландының алғашқы атының аты қалай?
13.Алпамыстың әкесінің аты қалай аталады?/Байбөрі/
14. Қобыланды қандай қару мен шайқасады? Аузына іліккен, Тез құрыр./Мылтық/
15. Қобыландының Найман руынан шыққан досы /Қараман/
16.Алпамыстың тұлпарының аты қалай аталады? /Байшұбар/
17. Кім оған тұлпарды сыйға тартты?/ Бабасы/
18. Қобыландының анасы /Аналық/
19. Сексен жасқа келген Қыпшақ руының байы /Тоқтарбай/
20. Қобыландының қарындасы /Қарлығаш/
21 Күнде жеңген жауы /Қазан хан/
22. Сырты ағашпенен қабатталған, Ілініп бір бөлігі салақтаған. Асылды ішіндегі алсаң тартып,
Тіліндей оқ жыланның жалақтаған. /Қылыш/
23. Қуыс қурайдың басынан Құтырған торғай ұшты. /Мылтықтың оғы/
24. Қобыландының алғашы
тұлпарының ата қалай аталған? /Меңдіат/
25. Қобыланды батыр кімдерге қарсы жорыққа шығады? /қыпшақ, қызылбастарға.
XІІ. Үй тапсырмасы. «Қобыланды батыр» жырының толық
нұсқасын оқып келу.
XІІ.Қорытынды: рефлексия