Текст
Ауылым-асыл қазынам
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Бұланды ОМ ұжымы біздің мектепке келіп «Ауылым-алтын қазынам» атты концертті ұсынды. Концертке ауылдық аймақтың әкімі Шарипов А.Р., қонақтар, ауыл тұрғындары мен ұстаздар, оқушылар қатысты. Концерт бұрын облыстық маслихат депутаты Ақылбеков Б.С. ҚР Елбасының Жолдауы негізінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Ұлттық аспаптармен «Балқадиша», «Көкек», орыс әндері орындалса, сахналық көрініс қою арқылы «Сұлуқыз» әні айтылды. Қазақша би билеп, Долий С. авторлық өлең ін оқыды. Концерт жоғары деңгейде өтті. Смайлова Б.С. басқаруымен жүргізілген осы шара өз жалғасын табуда. Бұланды ОМ ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз.