"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дебаттың мақсаты: – Американдық парламенттік саяси форматын үйрету арқылы оқушылардың ойын, сөйлеу қабілетін қалыптастыру логикалық ойын және қосымша білімге деген қызығушылығын арттыру.

11.02.2018

09.02.2018 жылы Біржан Сал ауданында Абай орта мектебінде оқушылар арасында

аудандық дебат болып өтті. Дебаттың мақсаты: – Американдық парламенттік

саяси форматын үйрету арқылы оқушылардың ойын, сөйлеу қабілетін қалыптастыру

логикалық ойын және қосымша білімге деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті: Оқушылардың жан жақты білімін және қызығушылығын дамыту; Оқушылардың тәрбиесін қалыптастыру;

Қатысушылардың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

 АПФ форматында спикерлер (ойыншылар) саны 1 палата (топ) 2 кісі болып табылады: 1 – үкімет тобының пример-министрі; 2 – үкімет мүшесі. Оппозиция тобының көшбасшысы және оппозиция тобының мүшесі.

АПФ форматы 2-ге бөлінеді: саяси және құндылық. Саяси форматта нақты проблема бар және оны шешу жолдары қарастырылған. Мысалы, бұл палата оқушылардың мектепке кешігу проблемасын шешеді. Құндылық форматында құндылықтар сайысқа түседі, бұнда проблема жоқ және палаталар иә/жоқ, келісемін/келіспеймін

деген позицияларды жақтайды. Мысалы, бұл палата оқушылардың мектепке кешігуі дұрыс деп ойлайды))).

Саяси формат

Саяси форматта нақты проблема (мәселе) бар, және үкімет тобы оны шешу керек. Оны шешу үшін үкімет тобы механизм енгізеді.

Үкімет тобының премьер-министрінің жұмысы барлық механизмнің презентациясын жасау.

Презентация келесі нәрселерден тұру керек:

Сәлемдесу, қарарды (тақырып) айту;

Келесі маңызды нәрсе бұл Status Quo немесе қалыптасқан жағдай деп аталады. Бұл жерде көбіне статистикалық мәлімет енгізіледі. Мысалы, қарар банктер туралы болса, онда: ҚР бір мемлекеттік және 12 жекеменшік банктер

бар. олар 10 млн. халыққа қызмет көрсетеді. Осы қалыптасқан жағдайды 2 минуттан кем емес уақыт жұмсау керек және проблема осы қалыптасқан жағдайдан шығу керек.

Құндылық кейстің құрылымы:

1.Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата  (БП)  ақталады деп есептейді)

2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)

3.Status quo-Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен,газеттен) айту)

4.Философия()

5.Аргументтер()

6.Қорытынды.

Ойын барысы (спикердің рөлі,уақыт) саяси кейспен ұқсас.

Дұрыс-дұрыс емес,ақталады-ақталмайды формасында қарастырылады.

Ескерту:

Командалар жақтау мен даттау позицияларына дайын болу керек.

Осы дебатқа біздің Макин орта мектебінен екі оқушы қатысты. Олар 8 сынып Оқушысы Қасымов Абылай мен 7 сынып оқушысы Қазыбаев Ораз қатысты. Олар өздерінің ұшқыр ойларымен, ойларын сенімді, нық жеткізе

білулерімен ерекше көзге түсті. Біздің оқушылар маңдай терімен 2-ші орынды иеленді.



Просмотров: 5005


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст