«Білім сапасын арттыру жағдайындағы
оқытудың әдіс-тәсілдері мен мазмұнын жаңарту» семинары туралы мақала.
2018-жылдың 14-ақпанында Макин орта мектебінде «Білім сапасын арттыру жағдайындағы оқытудың әдіс-тәсілдері мен мазмұнын жаңарту» тақырыбында биология және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты – жаңартылған бағдарлама бойынша іс-тәжірибемен алмасу. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Есимсейтова Р.А, Дюсенова А.К, Натиева Д.К, Сулейменова А.Ж. және аудан мектептерінен 15 биология, 12 ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері қатысты. Кіре беріс дәлізде тәжірибесімен бөлісіп, ашық сабақ берген биология пәнінің мұғалімдері Швецова Т.А.,Маукишева Р.О.,ағылшын тілінің мұғалімдері Усанина Г.В, Уразалина А.О. туралы мәліметі бар банерлер мен әрбір мұғалімнің жетістіктері мен жұмыстарын көрсететін портфолиолары мен кітапшалары болды. Сонымен қатар 3 роботтар мен оқушылардың өз қолымен жасаған бұйымдарының көрмесі қойылды. 7 «В»-сыныбының оқушысы Қазыбаев Ораз роботтардың жұмыс жасау мүмкіндігін көрсетіп, айтып берді. Семинар бағдарламасына сай 1-деңгейлі тарих пәнінің мұғалімі Бейсембаева К.О. «Танысу» тренингтерін өткізіп, мұғалімдердің бір-бірімен танысып, білісуіне мүмкіндік жасады. Биология пәнінің мұғалімдері Швецова Т.А. «Бас миының құрылымы» тақырыбында 7 «Б»-орыс сыныбымен, Маукишева Р.О «Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметі» тақырыбында7 «А»-қазақ сыныбымен,ағылшын пәнінің мұғалімдері УразалинаА.О.«How do you go to school»тақырыбында 3 «А»-қазақ сыныбымен,Усанина Г.В.«Specialdays» тақырыбында 2 «Б» -сыныбымен ашық сабақтар өткізді. Семинар барысында әр пән бойынша келген мұғалімдер мен әдіскерлер ашық сабаққа қатысты. Сабақтар аяқталғаннан кейін қонақтар мектептегі «Жауынгерлік және еңбек даңқы» мұражайымен танысты. Мұражаймен 9 «Б»- сынып оқушысы Халанская Людмила таныстырды. Одан кейін мектеп мұғалімдері мен оқушылары дайындаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында концерттік бағдарлама болды. Дәмді түскі астан кейін психологиялық тренингті 2 деңгей мұғалімі Аубакирова Г.Д. өткізді. Ол тілектері бар «тәтті гүл» шоқтарын таратты. Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Абжанова М.С. жетекшілігімен республикалық «Мың бала» және облыстық «Тіл Дарын» сайыстарының жеңімпазы 8 «А»-сынып оқушысы Стаматова Виктория «Макинка ауылының тарихы» шығармашылық жобасын ұсынды. Дөңгелек үстел отырысында барлық сабақтар талқыланды. Сабақтардың жағымды жақтары айтылып, білім сапасын жақсарту үшін ұсыныстар берілді. Семинардың аяғында сабақ көрсеткен мұғалімдерге сертификаттар берілді, биология мұғалімі Маукишева Р.О. сабағы үздік деп танылды. Оқу ісінің меңгерушісі Абжанова М.С. өткізген «Алақан» рефлексиясында мұғалімдер Макин орта мектебіне жақсы тілектерін жазып-қалдырды.