29 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері
ауған жерінен біржолата шықты
...Дәл осы жолмен біздің бүгінгі мәнерлеп оқу сайысымыз басталды.
Оқушыларға Ауған соғысы туралы мәлімет беру мақсатында 2018 жылдың 15 ақпаны күні 6-11-сыныптар арасында «Ауған ақиқаты» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс қазақ, орыс тілдерінде ұйымдастырылды. Оған қазақ, орыс тілдерінде оқытылатын сыныптардан 14 оқушы қатысты.
Сайыс 3 бөлімнен тұрды. 1-бөлім – Деректеме «Ауғанстан ақиқаты». Мұнда сайысты өткізуші мұғалімдер сайысқа қатысушыларға Ауған соғысы жайлы мәлімет берді. 2-бөлім – «Өлең – сөздің патшасы». Жребий таңдау арқылы
қатысушылар өлеңдерін оқу ретін анықтап, жаттауларын мәнерлеп оқыды. 3-бөлім – «Соғысты болдырмау үшін адам қандай болу керек?». Сайысқа қатысушы оқушылар шеңберге тұрып, күннің символы ретінде алынған сары шарды бір біріне бере отырып, осы сұрақ төнірегінде ойларын білдірді. Әділқазылар алқасы аталмыш сайыс бойынша жеңімпаздарды анықтағанша, оқушылар «Ауған соғысының қысқаша тарихы» атты бейнефильмін тамашалады.
«Ауғанстан ақиқаты» мәнерлеп оқу сайысының соңында жеңімпаз оқушылар да, сайысқа белсенді қатысқан оқушылар да мадақтамалармен марапатталды.