Тақырыбы: Ең үздік топ
Мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып, білм – білік дағдыларын байқау, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Ана тілін сүюге, аталы сөзді түсінуге үйрету. Елін, жерін қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.
Мұғалім: Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменнен аспанға жол салынар.
Армысыздар оқушылар, ұстаздар!
- Бармысыздар,
Болашақтың басталуы,
Балғын шақты балалар!
Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін «Ең үздік топ» атты интеллектуалды ойынымызды тамашалайсыздар.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер
(Ойынға қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз)
Психологиялық ахуал:
Ән бойынша бөліну
Оқушылар топтарына ел арсында көп тараған,
кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі.
Оқушылар сол әндерге байланысты топтарға бөлініп, карточкаларда келтірілген .Әндерді бірлесе орындайды.
Қатысушы оқушылар:
Осы аралықта алған білім дәрежемізді өлең – жыр, жұмбақ, мақал – мәтелмен өрнектеп барымызды ортаға салайық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
«Ең үздік топ» атты интеллектуалды ойынымыз 5 бөлімнен тұрады.
1. «Бәйге»
2. «Тіл өнер» (Полиглот)
3. «Қызықты тоғыздық»
4 «Жорға» топ басышылар сайысы.
5. «Тапқырлық»(Сөзжұмбақ) оқушыларға іске сәт!
1 – кезең: «Бәйге». Бұл бөлімде 20 сұрақ қойылады. Сол сұраққа ең бірінші қол көтерген топ жауап береді. Дұрым жауапқа 10 балл
1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? ( 42 әріп бар)
2. Ең кіші бір таңбалы сан? (1)
3. Сұйық зат? (Су)
4. “Қ” қандай дауыссыз дыбыс? ( Қатаң дауыссыз)
5. Ешкінің төлі қалай аталады? (Лақ)
6. Бір сағатта неше минут бар? ( 60 минут)
7. Тудың түсі? (Көгілдір)
8. Қар қай мезгілде түседі? (Қыста)
9. Қазақстан Республикасының президенті? (Н.Назарбаев)
10. Сиырдың төлі? (Бұзау)
11. Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты? (Топырақ)
12. Қой маңырайды, сиыр ...... (Мөңірейді)
13. Балалар сөзіне қандай сұрақ қойылады? (Кімдер?)
14. Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)
15. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)
16.Екі өркешті жануар? (Түйе)
17. Алфавиттің ең бірінші әрпі? (А)
18. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (Жасыл)
19. Бүгін аптаның қай күні? (Жұма)
20. “О” дыбыбы қандай дыбыс? (Дауысты, жуан)
2 – бөлім: «Тіл өнер» (Полиглот)
2 - кезең: «Полиглот»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Полиглот».
Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі.Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Сырт – сырт етіп соғады
Кеудесінде жүрегі.
Өзі тілсіз сөйлейді,
Жансыз оның жүрегі. (Сағат- часы- Watch)
2. Қабат-қабатқаттама,
Ақылыңболсааттама. (Кітап-книга-воок)
3. Қалпағы ақ қарасан
Дәрігер емес бірақ ол
Дәм мәзірің қаласан
Алға ұсынып тұрады ол (аспаз- повар – cook)
4. Қанаты бар, жаны жоқ
Табаны бар, аяғы жоқ.
Өзі ұшады, аспанда жүреді
Теңізден де, таудан да өтеді ( ұшақ – самолет – plane)
5. Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.(ұстаз – учитель - teacher)
- Қорытынды жасаймыз.
Ең көп ұпай жинаған катысушылар келесі кезеңді бастайды.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
- Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.
1. 20 ұпай:Сын есімнің сұрақтарын атаңдар. (қандай? қай?)
2. 20 ұпай: Әдемі сөзіне жуық мәндес (синоним) сөзді атаңдар. (сұлу)
3. 20 ұпай: Шапшаң айтылатын бір шумақ өлең қалай аталады?(Жаңылтпаш)
1. 30 ұпай: ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)
2. 30 ұпай:Абайдың шын аты. (Ибраһим)
3. 30 ұпай: Қазақтың үш биін атаңдар. (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)
1. 40 ұпай: Орыс тілінде неше әріп бар? (33)
2. 40 ұпай: Қазақтың тұңғыш ғарышкері ?
3. 40 ұпай: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп)
4 - кезең: «Жорға» топ басышылар сайысы.
- Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 оқушыға 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ
1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
1. Үш би? (Әйтеке, Қазыбек, Төле)
2. Қ. Р. Президенті? (Назарбаев Н.Ә.)
3. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)
5. Сөйлем неден құралады? (сөздерден)
6. Төрт түлік малды ата? (жылқы, сиыр, қой (ешкі), түйе)
7. 1 сағатта неше минут бар? 60 мин)
8. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады)
9. 45 саныңда неше ондық бар? ( 4 )
10. 1 дм неше см? (10см).
1. Әкеңнің әкесі саған кім болады? (ата)
2. Астанамыз қайқала? (Астана)
3. Абайдың әжесі? ( Зере)
4. Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады? (сан есім)
5. Ағылшын тілі әліпбиінде неше әріп бар? (26)
6. 12 мен 5-тің қосындысы неге тең? (17)
7. Түйенің төлі қалай аталады? ( Бота)
8. 12 ай неге тең? (1 жылға)
9. Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады? (Тамыр)
10. 1 метрде неше см? (100)
5–кезең: «Тапқырлық»
бұл кезеңде сөзжұмбақ шешеміз. Сөзжұмбақтың тігінен бір сөз шығады, сол сөзден сендер сөздер құрастырасыңдар.
1.Үй ішін аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.
(Тышқан)
2. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? (ана)
3. Қазақстан Ресубликасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)
4.Жазғытұры өлеңін кім жазды? (Абай)
5. Суда жұбын жазбай жүретін құс? Аққу
6. Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар (сағат)
7. Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама.
8. Әдемі түнде,
Мен жүрсем,жүреді бірге. (Ай)
9. Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар. (нан)
Бұл кезең оқушыларға бір сөз беріледі сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.
Уақыты 1 минут.
Қорытынды:
- Сонымен, «Ең үздік топ» атты білім сайысына қатысып,
жүзден жүйрік болған жеңімпазымыз - _______________ .