«Білім беру жүйесіндегі медиация».
Бүгін Ақмола облысы білім басқармасының қолдауымен «Білім беру жүйесіндегі медиацияны дамыту» тақырыбында онлайн режимінде дәріс өтті. Оған мектептің оқу ісінің меңгерушісі Абжанова М.С, мектеп психологы Ботаева А.Н және сынып жетекшілері қатысты. Бұл дәрісте мектеп пен мұғалімдерге, ата-аналарға, оқушыларға пайдалы мәселе қозғалды. Медиатор - Заң талаптарына сəйкес кəсіби жəне кəсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тарататын тəуелсіз жеке тұлға. Медиация - тараптардың еркін келісімі арқылы жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы келісімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жəрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу тəсілі. Яғни мектеп ішінде оқушылар арасында қандай да бір дау туса, оны медиатор арқылы келісіп шешуге болатындығы, оның жағымды жақтары айтылды. Онлайн аяқталғаннан кейін мұғалімдерге мектептегі медиация туралы бейнефильм көрсетіліп, ақпараттар таратылды.