4«А» сыныбында 25 – ші қаңтар күні ағылшын тілінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы «Weather and seasons». Сабақта оқушылармен белсенді жұмыстар жасалды. Ауа райы тақырыбы бойынша жаңа сөздермен танысып қызықты тапсырмалар орындады. Сабақта жаңа педагогикалық технологиялар қолданды. Бастауыш сынып оқушыларына қызықты сабақта әрі тиімді әдіс ойын технологиясын қолданылды. Бұл технология арқылы « Golden fish», «Diologue», «Who is the best», «Lost clothes» деген ойындар қолданылды. Барлық оқушылар қызығушылықпен қарады. Тапсырмаларды орындауға деген ынталары арта түсті. Жарыса тапсырмалар орындады. Сабақ уақыты шектеулі болғандықтан ойын технологиясы арқылы сабақтың тақырыбы түсіндірілді. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, оқушылар өз білімдерін тағы да жаңа бір тақырыппен толықтырды.
Ағылшын тілі мұғалімі Салық М.М.