"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Макин орта мектебі» ММ-нің Тілдер онкүндігін өткізгендігі туралы есебі

19.09.2019

«Макин орта мектебі» ММ-нің Тілдер онкүндігін өткізгендігі туралы есебі

Әрбір тіл – бұл әлем. Тіл  - білу құралы ғана емес, ол – халықтың жаны, оның ауруы, оның жады, оның қазынасы. Ол әрқайсымызда ыстық махаббат, ризашылдық қатынас тудыруы тиіс.

Сөз – ең жетілген қарым-қатынас құралы. Жаңа нәрсе сөз арқылы келеді. Ұлы құндылық күнтізбеде ерекше мәні бар күн болып белгіленген. ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 20.01.94 жылғы бұйрығымен 22 қыркүйек ҚР халықтарының Тілдер күні болып жарияланды. Жыл сайын қазақ елінде 22 қыркүйекте Тілдер күні тойланып өтіледі. Бұл барлық Қазақстан халқына ортақ мереке. Көпұлтты тілдер мерекесінің негізінде мына идея жатыр:әрбір тіл – барлық адамзаттың рухани мұрасының бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлем өркениетіне деген баға жетпес үлесі. Осы идеяны негізге ала отырып «Макин орта мектебі» ММ Қазақстан халықтарының Тілдер күні онкүндігін атап өтті. Заман талабы болған үш тұғырлы тілді енгізуге негізделген іс-шаралар жоспары алдын ала жасалды. Онкүндік дәстүр бойынша салтанатты саптық жиыннан басталды. Мұнда құттықтау сөздер айтылып, тіл туралы өлеңдер оқылды, 10-сынып қыздарының «Қазақ елі» әні орындалды. Тілдерді үйренудің маңыздылығы аталды: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі халықаралық тіл ретінде. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдерімен мерекелік стенд жасалды. Сынып жетекшілері «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің негізін қалаушы», Б.Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы», С.Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай «С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы»,  І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай «І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы», С.Жүнісовтің 85 жылдық мерейтойына орай «С.Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығы» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. Бастауыш сынып оқушылары үшін Беженхан П. және Канафина С.К. «Менің тілім – менің мақтанышым», «Өз ойыным» интеллектуалды ойындарын ұйымдастырды. 10-сынып оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Абжанова М.С. Ф.Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай мәнерлеп оқу байқауын, 5-11-сыныптар арасында А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Адамзаттың Абайы» әдеби іс-шарасын өткізді. «Мемлекеттік тіл күніә де есте қаларлық болды. Білім беру мекемесінің әр қызметкері мен әр оқушысы мемлекеттік тіл – қазақ тілінде сөйлеуге тырысып бақты. Онкүндік 5-7-сынып оқушыларының ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен аяқталды.

«Көп тіл білу – бір сарайдың көп кілтіне ие болу» - деп жазған Вольтер. Бұл ой онкүндік іс-шараларының кілт ойы болды.  Онкүндік жаңа оқу жылының жақсы бастамасы, болашақ жеңістер мен табысты оқудың кепілі болып табылды.

 

  • WhatsApp Image 2019-09-19 at 20.24.18.jpeg
  • WhatsApp Image 2019-09-19 at 20.24.11.jpeg
  • WhatsApp Image 2019-09-19 at 20.24.17.jpeg
  • WhatsApp Image 2019-09-19 at 20.24.14.jpeg
  • WhatsApp Image 2019-09-19 at 20.24.12.jpeg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 19.09.2019 20:25
Құрылған күні: 19.09.2019 20:30

Текст